- Өңделетін бетті кірден, шаңнан, майлы және шайырлы ластанулардан тазарту қажет.
- Декоративті бояу жағуға дайындалған бет құрғақ болуы тиіс.
- Дайын жабын сапасын жақсарту үшін бетті Decorex Roerich терең енетін грунтовкасымен өңдеу қажет.
- Қолданар алдында өнімді жақсылап араластыру керек. Жағу “венециялық” затирамен немесе тот баспайтын болаттан жасалған шпательмен, өнімді әртүрлі бағытта хаотикалық мазоктармен жағу арқылы жүзеге асырылады. Өнім бірнеше қабаттап жағуды талап етеді (кем дегенде екі қабат). Сурет қалыптасқаннан кейін, шпательді губкамен сулап, алынған фактураны жеңіл тегістеу арқылы жылтыр бөлшектерді ашуға болады. Балауызбен жабылған жағдайда, бет су мен кірден қорғайтын қасиетке ие болады. Қайта жағулар арасындағы уақыт аралығы — 1 сағат. Толық кептіру уақыты — 24 сағат (t+20˚С және салыстырмалы ылғалдылық 65%). Құралдарды қолданғаннан кейін дереу сумен жуу қажет. Жағу кезінде ауа температурасы мен өңделетін бет температурасы +5˚С-тан +30˚С-қа дейін болуы тиіс.
